376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғарышта болып келген дәндер жерге отырғызылады

  • 163
  • UPD: 23:16, 21.03.2019

Қарағандыға 2 жыл ғарыш кеңістігінде болған долана дәндері қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан 2 жыл бұрын оларды орбитаға жергілікті ғалымдар тапсырған. Енді биологтар сол долана дәндерінің гендік құрамындағы ғарыштық сәулелену мен салмақсыздық әсерін зерттейді. Бұл дәндердер өсіп шыққан долана бұталары Қарағандыда жобаланып жатқан Ғарыш саябағына егіледі. Ғалымдардың пайымдауынша, «ғарышта болған» өсімдіктер өзгелеріне қарағанда тезірек өседі.

Чед Роу, Ресей Федерациясындағы NASA басқаратын ғарыш ұшықтар бағдарламасының директоры:

- Ғарыш кемесінің бортында дәндер 2018 жылдың 2 сәуірінде келіп жетті. 4 сәуір күні кеме Халықаралық ғарыш станциясымен түйісті. Содан кейін сол жылдың 5 сәуірінде ғарышта 20 миллион километр қашықтықты артта қалдырып, жерге қайта оралды.

Хабар 24 телеарнасы