379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент баспанаға зәру жандардың мәселесін жедел шешуді тапсырды

  • 188
  • UPD: 15:49, 27.03.2019

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің облыс әкімдері мен үш мегаполис қаланың (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) әкімдерін қабылдады қабылдады.

Бұл туралы Елорда Инфо хабарлайды.

«Ақордадағы кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған әлеуметтік тұрғыдан әділетті ел құру бағытын жалғастыруды міндеттеді. Соның ішінде Президент әкімдерге әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтерлерді беру мәселесін жеделдетуді және бұл үдерісті биылғы мамыр айынан бастауды жүктеді. Сонымен қатар, Қ.Тоқаев халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымға қатысты жүйелі мәселелерді шұғыл шешудің маңызды екенін атап өтті», - деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Құрманғалиев өзінің Фейсбук парақшасына.

Сондай-ақ, Президент мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы тиімді байланыстарды жолға қоюдың маңыздылығына тоқталды. Мемлекеттік органдар тарапынан коммуникацияның заманауи арналарын пайдалана отырып, тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің халықпен үнемі кездесуге және елді мекендерді жиі аралауға тиіс екенін де айтты.

Айта кетсек, бүгін «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеңес өтті. Жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыс әкімдері қатысты.

Хабар 24 телеарнасы