389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық Түркі академиясы Наурыз мерекесін қалай атап өтті?

  • 811
Халықаралық Түркі академиясы Наурыз мерекесін қалай атап өтті?

Елордада Халықаралық Түркі академиясы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерекелік жиынға қоғам және мемлекет қайраткерлері, көрнекті ғалымдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында Қазақстандағы Түркия, Әзербайжан, Моңғолия, Мажарстан және Өзбекстан елдерінің елшілері бар. Академия президенті Дархан Қыдырәлінің айтуынша, биылғы жыл Түркі кеңесінің он жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Сол себепті осы бағытта біршама іс-шаралар өткізіліп, жиындар ұйымдастырылмақ. Бұдан бөлек, Алтын орда мен Моғолстанның 750 жылдығын, Жүсіп Баласұғұнның «Құтты білік» кітабын жазғанына 950 жылдығын атап өту жоспарланған. Жылдың бастауы ретінде шараға жиналған азаматтар темір соғып, көне дәстүрді жаңғыртты.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық Түркі академиясының президенті:

– Рашид ад-Диннің «Жәмиғат-тауарих» деген кітабында темірді балқытып, соны балғамен ұрған екен деген аңыз бар. Содан Наурыз шыққан екен, ол еркін күн деп айтады. Сондықтан біз осы дәстүрді қайта жаңғыртып, Елбасының мақаласында темірше түркілер туралы айтылған. Наурызды темірмен ұрумен бастаймыз және өткен жылға есеп беріп, жаңа жылдың жоспарларын баяндаймыз.

Хабар 24 телеарнасы