389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік студенттер оқытушылардың пара алатындығын айтады

  • 520
  • UPD: 15:14, 29.03.2019
Ақтөбелік студенттер оқытушылардың пара алатындығын айтады

Сауалнама нәтижесі жемқорлық дерегін әшкере етуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтөбеде арнайы мониторинг тобы 4 университет пен 11 колледждің студенттері арасында жасырын сауалнама жүргізді. 1500 студент 14 сұраққа жауап берген. Оның қорытындысын сараптаған мамандардың айтуынша, жергілікті оқу орындарында ұстаздардың сыйлық сұрайтыны белгілі болыпты. Әсіресе сынақ тапсыру кезінде ақша талап ету деректері анықталған. «Ақтөбе – адалдық алаңы» және «Саналы ұрпақ» жобалары аясында жүргізілген сауалнама кезінде мемлекеттік грантты заңсыз саудалау оқиғасы да анықталды. Нақтыласақ, ақылы бөлімде оқып жүрген студентті ауыстыру үшін білгілі бір сомада қаржы талап еткендер болған. Сауалнамадан кейін құзырлы органдар қаладағы бірнеше оқу орнын тексереді.

Расул Медетов, ҚР МҚІСЖҚІА Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы:

- Cтуденттер анкета кезінде нақты оқытушылардың аты-жөндерін берді. Және де кім қанша алатынын да берді. Кім торт алады, кім ақша алады, оның бәрін берді. Ол ақпараттың бәрі бар. Оның бәрін біз құқық қорғау органдары мен жоғары оқу орны басшыларына жолдадық. Шындығына көз жеткізу керек, ол шындық па, шындық емес пе. Шындық болатын болса, әркім өз құзыреті шеңберінде белгілі бір шара қолдануы керек. Егер шындық босла, ҚК 247-бабы бойынша әшкереленеді, яғни материалдық сыйақы алуға байланысты.

Хабар 24 телеарнасы