377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы Кенесары су қоймасынан қауіп жоқ

  • 141
  • UPD: 15:22, 01.04.2019

Ақмола облысындағы кеше қабырғасы опырылған Кенесары су қоймасынан енді қауіп жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Себебі, су қоймасынан қашқан ағын суды мамандар бірнеше жерден далаға қарай бұрған. Нәтижесінде су егістік алқаптарына жайылып, қалаға келуі мүмкін деген қауіп сейілді. Облыс орталығынан 17 шақырым жердегі Ивановка су қоймасы мен шаһар арқылы өтетін Қылшақты өзенінде де өткен түнде су деңгейі біршама төмендеген. Жағдайды тұрақтандыруға 258 құтқарушы мен 20 шақты техника атсалысты.

Айта кетейік, Кенесары су қоймасы кеше таңғы сағат 16:25-те арнасынан асып, қар суы дамбаны қиратып кеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы