379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында көгершіндер фестивалі ұйымдастырылды

  • 140
  • UPD: 15:19, 01.04.2019
Түркістан облысында көгершіндер фестивалі ұйымдастырылды

Кентау қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылған республикалық шараға еліміздің түкпір-түкпірінен жүзге жуық кептерші жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қанаттылар байқауына құстың 50-ден астам түрі әкелінді. Қазылар алқасы көгершін жанарының түсі, қауырсыны, тұмсығы тіпті құйрығының ұзындығына мән берді. Қатысушылардың барлығы байырғы кептершілер. Бейбітшіліктің белгісі саналатын көгершіндерді иелері көзінің қарашығындай қорғап, мәпелейді. Себебі, ол құстардың кейбірінің құны 3-4 мың АҚШ долларына пара-пар.

Мейіржан Әшірбек, колледж студенті:

- Бұл жәрмеңке бізге қатты ұнап жатыр. Ауылда болғанда ұстап көргенбіз. Бірақ осыншама көп кептер көрмегенмін.

Хабар 24 телеарнасы