384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Табысын жасырған ақтаулық әке алиментін артығымен төлейді

  • 449
  • UPD: 15:20, 04.04.2019
Табысын жасырған ақтаулық әке алиментін артығымен төлейді Zakon.kz

Жауапкершіліктен жалтарған ол екі бірдей мекеменің құрылтайшысы әрі компания директоры екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда құзырлы органға 21 мың теңге жалақы алатын жұмысшымын деп жалған ақпарат берген. Айлығынан алты мыңды перзентіне аударып тұрамын деген ер адам кейін бұл уәдесінен де тайып кетіпті. Мұны есіне салу үшін жұмыс орнына барған сот орындаушы оның өтірігін әшкерелеген. Кінәлі тұлға айыбын толық мойындап отыр. Енді ол кәмелетке толғанға дейін ай сайын 10 жастағы баласына 70 мың теңгеден беріп тұрады. Бұл іс бітімгер судьяның араласуымен оң шешімін тапты.

Мұхит Хамзаұлы, қалалық соттың судьясы:

- Жағдайы жақсы адамның мұндай қадамға баруы адамгершілікке жатпайтыны атап өтілген болатын. Өз кезегінде бұл адам кінәсін мойындап, осы даудың бітімгерлікке келуімен бітуге жәрдемдесуін сұраймын деп сотқа арызданды. Шешесі де өз кезегінде келісті. Ешқандай қарсылығы жоқ екенін сотқа атап, түсіндіріп өтті.

Хабар 24 телеарнасы