376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте сәбиге ыстық сумен клизма жасаған мейірбике жұмыстан шығарылды

  • 130
  • UPD: 23:42, 05.04.2019
Шымкентте сәбиге ыстық сумен клизма жасаған мейірбике жұмыстан шығарылды

Бұл емдік шараны тәжірибесі аз маман басшылықтың бақылауынсыз жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға болған жұқпалы аурулар емханасында қоғамдық Денсаулық сақтау комитетінің өкілдері тексеру жүргізді. Нәтижесінде екі мейірбике жұмыстан босатылып, тағы бірінің қызмет дәрежесі төмендетілді. Емхананың бас дәрігеріне қатаң сөгіс беріліп, 113 мың теңге айыппұл салынды. 

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Алдын ала болжам бойынша, баланың жағдайы жақсы.  Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығындағы әріптестеріміздің айтуынша, сәбидің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл оқиға Денсаулық сақтау министрлігі мен министрдің жеке бақылауында тұр.

Хабар 24 телеарнасы