378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада тәжік-ауған соғысында ерлік көрсеткен жауынгерлерге тағзым етілді

  • 133
  • UPD: 17:41, 06.04.2019

Бүгін еліміздегі Ұлттық Ұлан әскері тәжік-ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді еске алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шайқасқа Ішкі әсерден 2 мыңнан астам офицер мен сарбаз аттанды. 1995 жылдың 7 сәуірінде 17 жауынгер ерлікпен қаза тапты. 30-дан астамы жараланды. Осы ретте елордада батырлардың рухына тәу етіліп, «Отан-ана» монументі алаңында гүл шоқтары қойылды. Өзге топырақта ерлік көрсетіп, ел сенімін ақтаған жауынгерлер бүгінде тәуелсіз Қазақстанның тыныштығын күзетуде. Олардың көбі «Айбын» ордені, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған. 

Динар Сибгатулин, тәжік-ауған соғысына қатысушы:

– 1995 жылы сол соғысқа қатыстым. Тәжік-ауған шекарасына беттеп бара жатқанда бірінші атыс болды. 5-6 сағат бойы жаумен күресіп, өзімізге қарсы келе жатқан техниканы басып алдық. Жауынгерлеріміздің біразы қаза болды. Бірге әскерге шақыртылған бауырларым үшін жаным ауырады. Мәңгі есімізде.

Хабар 24 телеарнасы