379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-ға Чехиядан 150 бас ірі қара әкелінді

  • 139
  • UPD: 20:13, 07.04.2019

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Петерфельд ауылына Чехия елінен 500-ден астам бас ірі қара әкелінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның алғашқы партиясы фермаға жеткізілді. Сиырларды серіктестік басшысы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша сатып алды. Өйткені жалпы шығынның 40 процентін мемлекет субсидиялайды.

Бұл сиырлар Солтүстік Қазақстанға Чехиядан бес жарым мыңнан астам шақырымды артқа тастап, бес күн дегенде жетті. Қазір ірі қаралар өңірдің табиғатына бейімделуде.

Серіктестік басқарушысы Александр Фомичев Чехияға өзі арнайы барып, сиырлардың әрбіреуін жеке-жеке таңдаған.

Александр Фомичев, серіктестік басқарушысы:

– Сүт өндірісін ұлғайтуымыз қажет. Өйткені оған сұраныс жоғары. Оның үстіне баға да жақсы. Сондықтан бұл сиырлар алдағы уақытта бізге тек пайда әкеледі деп ойлаймын.

Бұл тек басы ғана. Болашақта аталған шаруашылық тек Чехия елінен ұзын-саны 500-ден астам ірі қара сатып алуды жоспарлап отыр. Өйткені бұл бағытта мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау зор.

Өмірбай Омаров, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:

– Биылғы жылдың ерекшелігі Еуропа елінен әкелінген малдарға қосылатын субсидия жалпы 225 мың болатын болса, біздің облыста оның үстіне 50 пайыздық қосымша, яғни бір басқа 337 мың үстемақы, субсидия алатын болады.

Аталған серіктестік негізінен асыл тұқымды төлдерді өсірумен айланысады. Бүгінгі күні шаруашылықта үш мыңға жуық ірі қара бар.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Нұргүл Ахметова, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы