379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтарды алдағы жартыжылдықта қандай ауа райы күтіп тұр?

  • 396
  • UPD: 17:24, 09.04.2019
Қазақстандықтарды алдағы жартыжылдықта қандай ауа райы күтіп тұр? Otyrar.kz

«Қазгидромет» өкілдері Қазақстанда алдағы жартыжылдықтағы ауа райы болжамын мәлімдеді.

Сәуір айы әлі де ауыспалы маусымның ортасы болғандықтан, ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі. 

«Айдың ортасына қарай бүкіл Қазақстан батыс және оңтүстік циклондардың ықпалында болады», - деп мәлімдеді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Қазгидромет» РМК Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова мәлімдеді.

Синоптиктердің айтуынша, сәуір айында елімізде ауа райы тұрақсыз болады. Айдың ортасына қарай Қазақстанның басым бөлігі батыс және оңтүстік циклондарының әсерінде болады. Сондықтан синоптиктер еліміздің оңтүстік-шығыс және шығысында найзағай, екпінді жел болып, бұршақ жауады деп болжамдады. Ал солтүстік аймақтарда қарлы жаңбыр жауып, жел, көктайғақ және тұман күтіледі.

Ауа райын болжаушыларының мәліметі бойынша ағымдағы айда еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 0,-5 градустан +2+7 градусқа дейін, күндіз +8+13 градустан +12+20 градусқа дейін жылы болмақ. Ал оңтүстік жартысында түнде +5+13 градустан +10+15 градусқа дейін, күндізгі уақытта +12+23 градустан +18+26 градусқа дейін жылы болады деп күтіледі.

Мамыр айында еліміздің оңтүстік-шығысында ауа температурасы климаттық нормадан 1 С градус жылы болса, ал солтүстік-шығыс жартысында климаттық нормада болады. Қазақстанның батыс бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан аз жауса, шығыс аймақтарда нормаға сәйкес болуы ықтимал.

Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында болмақ.

Елімізде шілде айы ыстық болмақ. Синоптиктердің айтуынша, ауа температурасы нормадан 1 градус жоғары болмақ. Сондай-ақ жауын-шашын мөлшері де нормадан жоғары болады деп күтіледі.

Тамыз айында да күн райы нормадан 1 градус жоғары болмақ және жауын-шашын аз жаууы ықтимал.

«Қазгидромет» өкілдерінің болжауы бойынша қыркүйек-қазан айларында елімізде ауа температурасы нормадан 1-2 градус жылы болады және жауын-шашын мөлшері аз болмақ.

Хабар 24 телеарнасы