377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында елді мекендердің 69% ауыз су құбырына қосылған

  • 123
  • UPD: 07:55, 10.04.2019

Маңғыстау облысына қарайтын елді мекендердің 69% орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 75% жетеді. Бүгінде өңір бойынша жалпы құны 10,7 млрд теңгеге бағаланған 15 жоба жүзеге асуда. Құрылыс-монтаж жұмыстары, әсіресе, Мұнайлы ауданында қарқынды жүріп жатыр. Жуырда Баянды, Батыр, Дәулет және Атамекен ауылдық округтеріне 32 шақырым құбыр тартылып, тұрғындарға таза су берілді. Ендігі жоспарда Айрақты, Бесшоқы мен Қызылтөбе ауылдары тұр.

Айта кетейік, аудан халқының 75% Каспий су тұщыту» зауытынан шығатын орталық су жүйесімен қамтылған. Қалғаны резервуарларға тасып құйылатын суды ішіп отыр. Келер екі жылда Мұнайлыға құбыр тарту толық аяқталады деп күтілуде.

Нұрлыбек Жолбаев, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары:

75% орталықтандырылған құбырға қосылған. Айрақты, Басшоқы деген екі ауылдар қалды. Екі ауылға да қаражат бөлініп, жұмыстар басталды. Енді үлкен ауылдан тек Қызылтөбе қалып тұр. Биылғы жыл аяғына дейін Қызылтөбе-2 суға қосамыз. Ол 1300-дей үйі бар жаңадан пайда болған ауыл. Содан кейін келер жылдың аяғына дейін Қызылтөбенің өзін қаражаттың бөлінуіне қарай құбырға қосуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы