379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандық әлеуметтанушылар: Президенттік сайлаудан ел үлкен үміт күтеді

  • 64
  • UPD: 08:54, 15.04.2019

«Алдағы президенттік сайлаудан ел үлкен үміт күтеді. Өйткені Елбасымыз тәуелсіздік алған күннен бастап Қазақстанның қалыптасу кезеңі мен мемлекеттілігін нығайтып, бүгінгідей әлем таныған елге айналдырды. Сондықтан келесі басшы да осы жолды жалғастыруы тиіс», – дейді түркістандық әлеуметтанушылар.

Осы уақыт аралығында ішкі тұрақтылық пен сыртқы саясатты бағдар етіп, әлемге дамудың ашық үлгісін көрсеткен Қазақстан беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі ретінде негізгі демократиялық қағидаларды берік ұстанады. «Мұның барлығы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі», – дейді.

Ақмарал Малдыбек, әлеуметтанушы:

– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың келелі саясатының жалғасы болады деген нық сеніміміз бар. Сондықтан алдағы болатын кезектен тыс президенттік сайлаудан біз зор үміт күтеміз. Бұл біздің Қазақстанның демократиялық ел екенінің нақты дәлелі болатынын көрсете алатын шешім болады.

Хабар 24 телеарнасы