384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда тәртіп сақшылары ұрланған көлікті иесіне қайтарды

  • 486
  • UPD: 12:10, 16.04.2019
Түркістанда тәртіп сақшылары ұрланған көлікті иесіне қайтарды

Түркістан облысы Отырар аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғыннан жеке автокөлігінің ұрланғаны туралы шағым түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел іске кіріскен полиция қызметкерлері жоғалған көлікті Кентау қаласынан тапты. Ол Түркістан обылсының азаматы болып шықты. Тергеу барысында күдікті ұрлық жасағандығын толықтай мойындады. Сондай-ақ аталған азматтың бұдан өзге 5 қылмысқа қатысы бары анықталып отыр. Тәртіп сақшыларының қырағылығының арқасында автокөлік иесіне қайтарылды. Ал күдікті бұлтартпас айғақтармен қолға түсті. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы