377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін экофестиваль өтті

  • 47
  • UPD: 15:19, 16.04.2019
Елордада тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін экофестиваль өтті

Қалдықты да кәдеге жаратуға болады. Полиэтилен пакеттерден әшекей бұйым, пластик бөтелкелерден жиһаз, баннерлерден әдемі сөмке жасайтындар бар.

Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін жастар бүгін экологиялық фестивальге қатысып, байқауда бақ сынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған 140-тан астам ұсыныс келіп түскен. Көбі қарапайым қоқыс саласын бизнес көзіне айналдыратын жобалар. Озық стартапшыларға 3 миллион теңге жүлде тігілген. Нәтижесінде пластиктерден түрлі өнім жасайтын алматылық студенттер командасы үздік деп танылды. Ұйымдастырушылар фестиваль арқылы жұртшылыққа қоқыстан болатын залалдың қауіптілігі жайын баяндауды мақсат санайды. 

Дина Ыбышева, қатысушы:

Біз полиэтилен пакеттерді қайта өңдеп, үтіктеп, мынандай әдемі сырғалар жасаймыз. Адамдар пластик десе, қоқыс деп ойлайды. Негінде ол өте жақсы материал. Біз осындай әшекей жасап, пайдалы дүние екенін көрсеткіміз келеді.

Әлима Исембаева, фестиваль ұйымдастырушысы:

- Мысалға пластиктен ыдыс жасайды, әртүрлі сувинерлер , стақан жасайды. Пластиктің бағасы үлкен. Оны екінші, үшінші рет пайдалануға болады. Ал, мында баннерлерден сөмке, дорба , портмене жасайды. Баннерге екінші өмір береді.

Хабар 24 телеарнасы