384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жануарларды қорық қызметкерлерінің ату деректері жиілеген

  • 546
Елімізде жануарларды қорық қызметкерлерінің ату деректері жиілеген

Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғауға қаншалықты қауқарлымыз? Қауіп браконьерлерден емес инспекторлардан келгені қалай?

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз орталығында осы тақырыпты қамтыған брифинг өтті. «Охотзоопром» өңірлік басқармасы мамандарының мәлімдеуінше, жануарлардың мүйізі қара базарда қымбатқа сатылады. Сауданың жолын кеспей, белгілі бір нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Жалпы еліміз бойынша 250 мың бас киік бар екен. Жануарлар енді жаппай төлдей бастайды. Ал маусым айында киік санағы жүргізіліп, сақтық шаралары күшейтіледі. Жалпы инспекторлар шамамен 123 миллион гектар алқапты бақылайды. Әрбіріне 100 гектардан келеді. Бірақ бастан аяқ жарақтанған аңшыларға қарсы тұру оңай емес. Наурыз айында Ақтөбе және Ақмола облыстарында жануарларды атқан браконьерлер қолға түсті. Келтірілген шығын 1 миллиард теңгеден асады. Ал Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағында 108 киікті қырып салғандардың арасында қорықтың екі қызметкері болған.

Ерлан Абдрахманов, «Охотзоопром» РМҚК орталық өңірлік филиалының жетекшісі:

– Браконьерлер деп өзіміз сыртта жүргендерді ойлап жүрміз.Бірақ негізі өзіміздің арамыздағы инспекторлар да болып жатыр. Бұл жөнінде жұмыс өте жақсы жүріп жатыр. Өзгерістер бар. Олар заң жүзінде де енгізіліп жатыр. Көзқарастар да өзгерген.

Хабар 24 телеарнасы