379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мекенжайы өзгерген үйді сәйкестендіру автоматты түрде жүзеге асырылады

  • 76
  • UPD: 18:16, 17.04.2019

Мемлекеттік қызметтердің 80 проценті биыл электронды түрде көрсетіледі. Бұл көрсеткіш келесі жылы тағы 10 пайызға артады. Тиісті түзетулер енгізілген заң жобасы бүгін Мәжілісте қаралып, құжатты депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады.

Енді ірі бизнес нысандарын тіркеу жылдамдатылады. Электрондық үлгіде өтінішін берген соң кәсіпкерге небәрі 1 сағаттың ішінде қызмет көрсетіледі. Әйтпесе, бизнес өкілдерін тіркеу үшін қазір бір күн уақыт керек.

Тағы бір мәселе, мемлекеттік органдардың шешімі бойынша көшенің атауы немесе үйлердің нөмірлері өзгеріп кеткендіктен тұрғындардың өз құжаттарына өзгеріс енгізуіне тура келеді. Себебі мекенжайы өзгерген үйдің құжаттарын банк те, нотариус те қабылдамайды. Бұған кемінде қазір10 жұмыс күні қажет. Алдымен азамат халыққа қызмет көрсету орталығынан мекенжай туралы анықтама алады. Кейін сәулет басқармасына жүгінеді. Оған тағы 7 жұмыс күні кетеді. Одан кейін өзгерістерді тіркеуге тағы 3 күн қажет. Жаңа заң жобасына сәйкес, енді реттік нөмірі өзгерген жылжымайтын мүлікті сәйкестендіру автоматты түрде жүзеге асырылмақ.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

- Қазақстандағы әрбір азаматтың қажеттіліктері мемлекеттік қызмет көрсету бағытында реттеледі. Сондықтан мемқызметті көрсету әрқашан да заман талабына сай жаңарып отыруы керек. Мұнымен қоса, осы саладағы жұмыстар қолжетімді әрі сапасы жоғары деңгейде болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы