378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәсіпкерлер мұқтаж отбасыларға пәтер алып бермек

  • 120
Кәсіпкерлер мұқтаж отбасыларға пәтер алып бермек

Ақмола облысында көп балалы жəне аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге енді жергілікті кәсіпкерлер де атсалыспақ.

Қазірдің өзінде өңірдегі 5-6 кəсіпорын бас-аяғы 40 отбасыға қамқорлық көрсететінін жеткізіп отыр. Олар, тіпті, облыстық əкімдікпен осындай меморандумға да қол қойған. Қырық үйдің алғашқы 13-ін бизнес өкілдері биыл сатып алып бермек.

Айта кетейік, Ақмола облысында мұндай қайырымдылық шаралары соңғы жылдары жиі жасалып жүр. Əсіресе, ауылды жерлердегі шаруашылықтар өз жұмысшыларын баспанамен қамтамасыз етіп келеді. Ал аймақта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қазір 20 жалдамалы, 13 несиелік көп қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Күнім Жұмаенова, облыстық ішкі саясат басқармасы арнайы бағдарламалар бөлімінің жетекшісі:

- Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Туған жер» арнайы жобасының шеңберінде Ақмола облысының меценаттары да өз үлестерін қосып жатыр. Мәселен, осы бағдарлама аясында бір ғана Сандықтау ауданында 10 пәтер беріліп, 2019 жылы жаңағы аз қамтылған отбасыларына, одан қалды жеке шаруашылықтар өздерінің қызметкерлеріне осы жылы 3 пәтер сыйға беруді жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы