379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында егіншілікке агро-дрондар пайдаланылмақ

  • 268
  • UPD: 15:32, 27.04.2019

Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру қажет.

Осы ретте Қызылорда облысында тыңайтқыш себетін агро-дрондардың егіншілікте пайдаланылуы таныстырылды. Дәстүрлі «Дала күні» семинар-кеңесінде жаңа технологияларды өндіріске енгізу, дақылдардың өнімділігін арттыру және алқапты тиімді суландыру жайы талқыға түсті.

Қамбар Бекенов, тілші:

–Биыл Шиелі ауданындағы Ақмая ауылында «Ақылды шаруашылық» құрылды. Диқандар геоақпараттық зияткер қондырғыны пайдалану жобасын қолға алды.

Озық үлгідегі қондырғы топырақтың тұздылығын, құнарлылығын, тегістігін, суландырылуын, тұқымның тегіс себілуін анықтайды. Сондай-ақ өсімдік ауруының таралуы мен арам шөптердің қаулап өсуінің алдын алады. Биыл күріш егісі 100 пайыз жоғары репродукциялы тұқыммен себілетін болады. Шарада егін егу мен жинауда нәтижелілігі жоғары агротехникалар таныстырылды. Семинар-кеңесте егіс алқаптарын әртараптандыру және өнімділікті арттыру жайы қозғалды.

Аймақ диқандары 178 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырады. Оның ішінде күріш 83 мың гектарға егіледі. Шаруалар мамырдың аяғына дейін дән себуді аяқтап, суға бастырмақ.

Облыста мал азығының берік қоры жасақталуда. Бұл ретте Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы тау беткей жағында мал азғындық және майлы дақылдар егу тәжірибесі қолға алынды.

Хабар 24 телеарнасы