379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдан 30-дан астам жас әскерге аттанды

  • 105
Алматыдан 30-дан астам жас әскерге аттанды

Бүгін Алматы қаласынан 30-дан астам жас әскерге аттанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай 28 гвардиялық панфиловшылар саябағында салтанатты шара өтті. «Әскерге шақырушылар күніне» орайластырылған бұл шара барысында қаладағы бірнеше әскери құрылымның сарбаздары сап түзеп, мерекелік шеру ұйымдастырды. Жалпы Наурыз айында басталған көктемгі шақырылымда Алматы қаласынан 1000-нан астам бозбала әскерге жарамды деп танылған. Жаңағы 30 жауынгер ел шекарасында орналасқан Аягөз әскери гарнизонына аттанып барады. Бүгінгі салтанатты шарада қала әкімі Бауыржан Бәйбек сөз сөйлеп, жас сарбаздарға жүктелген міндеттер мен жауапкершіліктерге тоқталды. 

Бауыржан Байбек, қала әкімі:

– Қазақта «аманат» деген қастерлі сөз бар. Бізге ата-бабамыздан қалған кең байтақ жер мен ел – аманат. Бүгін сіздер осы жауапкершілікті терең сезініп, Отан алдындағы парызды орындауға аттанғалы тұрсыздар. Талаптарыңыз оң, қадамдарыңыз сәтті болсын!

Хабар 24 телеарнасы