378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушылар: Сайлауалды бағдарламаларды насихаттауда БАҚ мүмкіндігін пайдаланған жөн

  • 124
  • UPD: 23:40, 13.05.2019

Кезектен тыс президент сайлауына қатысатын үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары әлеуметтік желілерде қарқын ала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Дегенмен кандидаттар сайлауалды бағдарламаларын халыққа жан-жақты түсіндіріп, кеңінен насихаттау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігін пайдалануы керек. Әсіресе, телеарналардың рөлі зор», – дейді белгілі саясаттанушы Айдос Сарым.  

Айдос Сарым, саясаттанушы:

– Кандидаттар аймақтарды кезіп қанша талпынса да, өздерінің сайлауалды бағдарламасы туралы ақпарат жеткізуге, өздері туралы ақпарат айтуға немесе белгілі бір үндеу тастауға сөзсіз теледебат, телехабарлар арқылы тарағаны менің ойымша дұрыс сияқты.

Айгүл Омарова, саясаттанушы:

– Қазір үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Әуелі сайлауалды бағдарламалары жазылған парақшалар жарияланады. Содан соң, тұрғындармен кездесулер басталады. Сол кезде халыққа кандидаттар өздерін қаншалықты көрсете біледі, сайлауалды уәделеріне қаншалықты сендіре алады. Мінеки дауыс берудің нәтижесі осыған байланысты болады.

Хабар 24 телеарнасы