384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кадр даярлау ісі жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жүргізілуі қажет

  • 658
  • UPD: 23:28, 14.05.2019
Кадр даярлау ісі жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жүргізілуі қажет

Бұған Білім және ғылым министрлігі тарапынан баса мән беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомство басшысы Күләш Шәмшидинова бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне барып, оқу бағдарламаларының жаңа талаптарға сәйкестігін тексерді. Білім ордасында биотехникалық кешен мен ақпараттық-коммуникациялық және ядролық зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Маман даярлау ісі бакалавриат, магистратура және докторантура бағыттары бойынша жүргізіледі. Студенттердің жалпы саны 20 мыңға жуық.

Дихан Қамзабекұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры:

- Жастар жылында жаңа жобалар қолға алынып жатыр. Биыл жастар жылы белгіленді. Соның ішінде өнер орталығы құрылғалы отыр. Әрбір студенттер үйінде коворкинг орталықтары, ғылыми жайлар пайда болады.

Хабар 24 телеарнасы