384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дариға Назарбаева «Доха дебаттары» телебағдарламасының басшысымен кездесті

  • 133
  • UPD: 20:27, 24.05.2019

Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева «Доха дебаттары» телебағдарламасының басқарушы директоры Амджад Аталлахпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүздесуде өзара іс-қимыл келешегі сөз болып, Еуразиялық медиа форумның телебағдарламамен ынтымақтастығы талқыланды. Аталған бағдарламаның мақсаты - түрлі пікірсайыстар мен нақты іс-қимылдар арқылы жаһандық проблемалардың бірлескен шешімдерін іздестіру. Бұл Еуразиялық медиа форумның миссиясымен үндес келеді. Алматыдағы форум бүкіл халықаралық қоғамдастықтың геосаяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының негізгі мәселелері бойынша ашық пікір алаңын қалыптастыруға бағытталған. Амджад Аталлах Еуразиялық медиа форумда «Масс-медианың сандық ақиқаты: Біз сын-қатерді қабылдаймыз ба?» атты тақырыпқа арналған отырыста сөз сөйлеген болатын.

Хабар 24 телеарнасы