383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көп балалы 300 отбасыға тегін азық-түліктер үлестірілді

  • 177
  • UPD: 15:18, 25.05.2019

Бүгін Алматыда қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының ұйытқы болуымен және демеушілердің қолдауымен «Бақытты отбасы» қайырымдылық орталығында көп балалы 300 отбасыға тегін азық-түліктер үлестірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайырымдылық акциясы барысында шаһардағы тұрмыс-тіршілігі төмен 150 балаға жазғы демалыс лагерьлеріне жолдаме берілсе, жетім балаларға қаржылай сертификаттар табысталды. Қалталы азаматтардың арасында жүрегі жұмсақ, қолы жомарт жандар баршылық. Олар қашан да тұрмысы төмен отбасыларға, көп балалы аналарға, жетім-жесірлерге жақсылық жасағысы келіп тұратыны жасырын емес. Осындай кең пейілді азаматтардың арқасында Алматы қаласында осы жылы көптеген қайырымдылық шаралары жүзеге асты. «Енді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында да әртүрлі қайырылымдылық шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз», – дейді қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының мамандары.

Рахиям Махпирова, Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бөлім жетекшісі:

- Бүгінгі таңда біз қаладағы қайырымдылық қорларымен және қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ меценаттармен бірге қоян-қолтық жұмыс жасап жатырмыз. Нәтижесі жаман емес. Көптеген жандардың ыстық ықыласына бөленіп жатқан жайымыз бар. Осындай қайырымдылық шарасы көп болған сайын баланың да ұйқысы тыныш. Баланың ұйқысы тыныш болса, анасы да бақытты!

Хабар 24 телеарнасы