380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 1-2 маусым күндері Түркістан облысының жәрмеңкесі өтеді

  • 129
  • UPD: 11:32, 29.05.2019
Елордада 1-2 маусым күндері Түркістан облысының жәрмеңкесі өтеді elorda.info

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінде 365 тонна өнім ұсынылады.

1-2 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен тұрақты түрде дәстүрге айналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жәрмеңкеге 55-тен астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, жалпы құны 116,0 млн теңге құрайтын 365 тонна өнімдерін шығарады. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базар бағасынан 10-15 % төмен бағада ұсынылады.

Бұған қоса, 1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай арнайы орын белгіленіп, 16 жасқа дейінгі балаларға Түркістан облысы кәсіпорындарынан шығарылатын табиғи таза балмұздақ пен сүт өнімдері тегін үлестірілетін болады.

Мемлекет басшысының салихалы саясатының, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған ауқымды қолдаулардың нәтижесінде Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешені инновациялық-индустриялдық даму үстінде.

Өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнімділікті еселеп арттыру мақсатында инвестициялық жобаларды іске асыруға басымдылық беріліп отыр. Оның ішінде, ағымдағы жылдың өзінде ауыл шаруашылығы саласында алдынғы қатарлы технологияларды қолдана отырып және халықты жұмыспен қамту мақсатында жалпы құны 89,0 млрд теңге құрайтын 480 жобаларды іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 4620 жаңа жұмыс орындары ашылады. Бүгінгі күнге 150 жобалар іске асырылды. Оның ішінде егіс алқаптарынан 2-3 өнім алу жобаларына басымдылық беріліп 69 жоба іске асырылды. Жалпы ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 9,8 мың га артып 823,3 мың га орналастыру жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы