378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі бөбектер үйінде «Үйдегідей» атты орталық ашылды

  • 112
  • UPD: 08:07, 01.06.2019

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай Шымкенттегі мамандандырылған бөбектер үйінде «Үйдегідей» атты орталық ашылды.

Жобаның мақсаты  балалардың өмір сүру жағдайын үйдегідей қалыптастыру. Мекемеде тәрбиеленушілерге психологиялық, педагогикалық тәрбие беріліп, жасына сай өсіп жетілуіне барлық жағдай жасалған. Бөбектер үйінің қызметкерлері осы жоба аясында шетелге барып тәжірибе алмасып та қайтқан.

Айта кетейік, мұнда қазіргі  таңда 4 жасқа дейінгі 51 бала тәрбиленіп келеді. Бөбектер үйінің мамандары балалардың туған үйлеріне оралуы жолында қажырлы еңбек етуде. Мәселен, өткен жылы 39 бала ата-анасымен қауышса, ал  2019 жылдың 5 айында 12 бала туған отбасына қосылған.

Асхан Байдувалиев, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бала үйдегідей жағдайда өсіп жатса, ол өзін еркін сезінеді. Ертең өзінің қадамдары да нық болады. Бұл балаға психологиялық жағынан өте үлкен көмек. Балалардың көздері алдамайды, күлкілері алдамайды. Сол үшін мен ойлаймын біздің мемлекетімізде оларға көп көңіл бөлініп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы