389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде диаспораларды қолдаудың тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

  • 260
Елімізде диаспораларды қолдаудың тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

Шет мемлекеттерден көшіп келген қандастарымыз құжат рәсімдеу кезінде түрлі қиындыққа тап болады.

Сондықтан оларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету жобасы жасалып жатыр. Одан бөлек, сырттағы ағайынды елге тартып, тарихи Отанында біріктіру саясаты жүйелі жүргізіледі. «Отандастар» қоры» жанынан құрылған қоғамдық комиссия бүгін алғашқы отырыс өткізіп, осындай жаңашылдықтарымен бөлісті. Онда елге келген бауырларды бейімдеу, шетте жүрген қандастарымызды қолдау шаралары жан-жақты талқыланды. Қор жанындағы байланыс орталығына күніне 50-60 адам қоңырау шалып, түрлі мәселесін айтады екен. Көбі мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жайын сұрайды. Қазір диаспораларды мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Құжатқа диаспоралық саясатты бағдарламалық және заңнамалық жағынан қамтамасыз ету тетіктері енгізіледі. Оның ішінде, сырттағы ағайынның балаларын Қазақстанда оқыту, қазақ тілін үйрету, туристік саяхатқа шақыру сияқты жоспарлар бар.

Мағауия Сарбасов, «Отандастар» қоры» қоғамының вице-президенті:

– Осы комиссияға өзекті мәселелер шығарылатын болады. Диспоралық саясатқа байланысты. Сырттан көшіп келген бауырларымызға да жағдай жасап жатырмыз. Оларды көбінесе бейімделу мәселесі алаңдатады. Құжаттарды жинау кезінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұсынылатын талаптар өте биік. «Бір терезе» қағидатын жолға қояйық деп едік.

Хабар 24 телеарнасы