389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау 2019: Ақмола облысында 50-ден астам шетелдік байқаушы жұмыс істейді

  • 342
  • UPD: 14:21, 05.06.2019

Ақмола облысында алдағы Президент сайлауында 50-ден астам шетелдік байқаушы жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың алды аймаққа келе бастады. Ал өңірде биыл 522 мыңнан астам адам дауыс береді. Халыққа сайлауға қатысу жайлы хабарлама таратылып, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үндеу де жарияланды. Аймақта 724 сайлау учаскесі қазір саяси науқанды өткізуге дайын тұр. Сайлау комиссиясының мүшелері де сайлауды дұрыс өткізу үшін арнайы оқыту курсынан өткен.

Манарбек Сәдуов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Облыстық сайлау комиссиясы мен Мемлекеттік басқару академиясының филиалы бірігіп, аймақтағы барлық қалалар мен аудандарда сайлау комиссияларының мүшелеріне сабақтар өткізілді. Қазір сайлауға дайындық кестеге сай жүріп жатыр. Маусымның 6-7 күндері барлық учаскелерге бюллетеньдерді таратамыз.

Хабар 24 телеарнасы