382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстандық заңгер: Қазақ халқына алдағы сайлаудың сәтті өтуін тілеймін

  • 92
  • UPD: 14:25, 05.06.2019

Қазақстан мен Өзбекстан арасында күні бүгінге дейін қандай бір түсініспеушілік белең алған емес.

Қайта бауырлас елдер арасындағы барыс-келіс артып, сауда-саттық жақсарды. Тәуелсіздік бауырлас елдерді тіпті жақындата түсті. Бұл – әлімсақтан іргелес жатқан мамыражай халықтың ауыз бірлігінің арқасында қол жеткен жетістік. Ұлт көшбасшылары шекарадағы түрлі кедергілерді жойып, визасыз режим орнатты. Ұлы дала елі Орталық Азияны батыспен жалғаушы алтын көпірге айналды. Алдағы президент сайлауы екі ел арасында ықылым замандардан қалыптасқан руһани, бауырмалдық байланысты жақсартпаса, ажыратпайды, дейді өзбекстандық заңгерлер.

Равшан Хакимов, Өзбекстан халықаралық құқық қауымдастығының төрағасы:

– Біз бір үйдің баласындаймыз. Сондықтан әрдайым бір-бірімізді қолдауымыз қажет. Бұл – әлімсақтан жалғасып келе жатқан үрдіс. Талай ауыр кезеңдерден өтті, бір-бірін қолдап отырды. Сондықтан 9 маусымға біз үлкен үмітпен қарап отырмыз. Меніңше, екі ел арасындағы байланыс бұдан да жақсара түседі деп үміттенемін.

Саидахмад Ишанходжаев, заң ғылымдарының кандидаты:

– Мен қазақ халқына алдағы сайлаудың сәтті өтуін тілеймін. Қазақстанның бүгінгі жетістігіне мен өз басым Өзбекстан азаматы ретінде қатты ризамын. Орталық Азия аймағы қарқынды дамып келеді. Оның ішінде көрші ел экономикасының қарыштап дамып жатқаны бізді қатты қуантады.

Хабар 24 телеарнасы