389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жекеге өтіп кеткен каналдар мен су қоймалары Түркістан облысының меншігіне қайтарылады

  • 573
  • UPD: 23:29, 08.06.2019

Соңғы бір ай ішінде үкіметте Түркістан облысына қатысты 5 бірдей қаулы қабылданды.

Соның бірі шаһардағы жеке меншік және республика қарауындағы каналдар мен су қоймаларын облыс меншігіне қайтару.

Бұл құжат қаладағы су тапшылығын шешіп, көгалдандыру жұмысын ширатуға мүмкіндік бермек. 

Бұған дейін өңірдегі Бөген су қоймасы мен Қосқорған су торабы және Арыс, Түркістан каналдары республикалық меншікте болатын. Иесі бөтен болған соң өңірдегі Арыс, Отырар, Түркістан және Кентау қаласының шаруалары ала жаздай суға жарымай қаталап шығатын. Тіршілік нәрін уысында ұстаған мекемелер керек кезінде су жібермей, халықты зар қақсататын еді. Енді аталған су тораптары толықтай облыстың меншігіне өтті. Шөліркеген елдің таңдайы жібіп, тынысы кеңейетін болды. Жергілікті  билік каналарды бетондап судың тамшысына дейін тиімді пайланбақ. 

Нұрбек Бадырақов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Осы ең ауқымды су жүйелерін жөндеу және қайта салу арқылы біз Түркістан қаласының маңайындағы су тапшылығын шешетін боламыз. Бұл осы соңғы бір айда қабылданған үкімет қаулысының арқасында мүмкін болып отыр. 

Түркістан облыс орталығы болып, мұндағы халықты жұмыспен қамту және жобаларға жаңа технологияларды ендіру мақсатында тек  ауыл шаруашылғы саласының өзінде 480 жоба нақтыланған. Бүгінге дейін соның 178-і жүзеге асыпты. Олардың дені 1 жылда бірнеше өнім алуға арналған. Соның нәтижесінде облыс орталығын табиғи азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында азық-түлік белдеуі құрылатын болды.  

Нұрбек Бадырақов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- 480 жобаның 69-ы жылына 2-3 өнім алуға арналған. Соның 35 жобасы іске асырылды. Сол жобаларды ары қарай Созақ, Түлкібас, Төле би аудандарына тарқату үшін осы жылына 2-3 өнім алудың инновациялық жобасы енгізілді. Оған арнайы басқармамен 30 млн қаржы бөлініп, шаруаларға түсіндірме жұмыстар жүргізу ісі басталып кетті.

«Онсыз да аграрлы аймақ үшін азық-түлік белдеуін құру аса қиын шаруа емес» дейді мамандар. Өйткені диқаны жылына 3 өнім алуды меңгеріп, тың тәрибесін сәтті жүзеге асыруда. Таяқ ұстаған шопаны мыңғыртып мал айдап, ет экспорттауда республика бойынша алдыңғы қатарда. Ал халқы еңбектен жаратылған. Сондықтан бұл өңір - Елбасының ауыл шараушылығы саласын экономиканың драйверіне айналдыру туралы тапсырмасын сәтті жүзеге асырып келеді.

Авторлаы: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы