389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық мүмкіндігі шектеулі азаматтар да таңдау жасаудан тыс қалмады

  • 224
  • UPD: 17:01, 09.06.2019

Арбаға таңылған, зағип, құлағының мүкістігі бар жандар үшін дауыс беру бұрыштары жабдықталды.

Жалпы, облыста 27 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Солардың арасында 200-ге жуығының тірек-қимыл аппараты бұзылған. Олар учаскелерге арнайы көлікпен жеткізіліп сайлауға қатысты. Ал кейбірі үйден дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Алғашқылардың бірі болып Аруна Жақсығұлова өз таңдауын жасады.

Аруна Жақсығұлова, сайлаушы:

- Өзім келіп отырмын. Менің мақсатым, арманым сол келген президентіміз халықтың жағдайын, қарапайым адамның жағдайын ойлап, жақсартса екен деп отырмын.

Хабар 24 телеарнасы