384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Киевте жүз елуден астам қазақстандық өз таңдауын жасады

  • 54
  • UPD: 22:13, 09.06.2019

Жүз елуден астам Қазақстан азаматы Украина астанасы Киевте дауыс берген.

Сайлаушыларды Қазақстан елшілігі ерекше қарсы алып, дастархан жайып, қарсы алған.

Аида Қыдырбай, тілші:

– Біз қазір Украинадағы Қазақстан елшілігі ғимаратында орналасқан 268-сайлау учаскесі алдында тұрмыз. Сайлау қалыпты жағдайда өтті. Сайлаушыларды елшілік дастархан жайып, қарсы алды.

Қазақстан мен Украинаның уақыт ерекшелігі үш сағатты құрайды. Сондықтан Киевте президенттік сайлауға дауыс беру науқаны әлі жалғасып жатыр. Елшілік өкілдерінің айтуынша, дауыс беру бюллетень біткенге дейін қабылданбақ. Барлық құжат хатталып, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына жөнелтілмек.

Хабар 24 телеарнасы