384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та сайлау науқаны жалғасуда

  • 382
  • UPD: 00:54, 10.06.2019

Қазақстан аумағында дауыс беру аяқталғанмен, АҚШ-та әлі де жүріп жатыр.

Заңға сәйкес сайлау алдында протокол толтырылып, барлық бюллетендер саналып, сайлау жәшіктері тексерілген. Вашингтонда нөмірі 249, ал Нью-Йоркте 250-сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. АҚШ-тың өзге штаттарындағы азаматтарымыз Нью-Йоркте Қазақстанның бас консулдығындағы сайлау учаскесінде дауыс беруде. Сондықтан кей азаматтарымыз өз таңдауын жасау үшін өзге штаттардан келген. Ал Вашингтондағы дауыс берушілердің көбі – дипломаттардың отбасылары және студенттер. 

Эдуард Ким, сайлаушы:

– Мен мұнда Геннадий Головкиннің жекпе-жегін көру үшін келгенмін. Ол жеңіске жетіп, бәріміздің көңіл-күйімізді көтерді. Өзімнің шақыртуымды алып, алғашқылардың бірі болып еліміздің болашағы үшін дауыс бердім.

Жанат Қожабаев, сайлаушы:

– Мен Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар ұйымында 18 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Бірақ Қазақстан азаматымын. Сондықтан бүгін отанымның келешегі үшін дауыс беріп отырмын.

Хабар 24 телеарнасы