384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысындағы ауруханалар мен емханалар МӘМС жүйесін енгізуге әзірлік үстінде

  • 55
  • UPD: 08:12, 11.06.2019
Атырау облысындағы ауруханалар мен емханалар МӘМС жүйесін енгізуге әзірлік үстінде

Қазіргі таңда медициналық сақтандыру қорларының Ұлттық банктегі есепшотына 176 миллиард 323 млн теңге түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде Атырау облысының үлесі 11 млрд теңгені құрап отыр. Қазір аймақтағы ауруханалар мен емханалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге әзірлік үстінде. Өйткені көпшілік келер жылдан бастап медициналық көмекті жаңа жүйе бойынша алуы тиіс. Мұнайлы өлкеде бүгінге дейін 83 мемлекеттік және жекеменшік мединциналық мекеме дерекқорға тіркелді. Нақты қызмет көрсетуге 64 денсаулық сақтау нысаны өтініш берген. Ал сақтандыру қорлары қызмет көрсету көлемін жоспарлау, дерекқор жасақтау және міндеттердің орындалуына мониторинг жүргізіп, тұрғындарға көрсетілген медициналық қызметтердің ақысын төлейді.

Байтолла Ғазизов, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры:

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі маңыздылықтарының бірі - ҚР сақтандырылған азаматтарына жасына, жынысына,әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, немесе табысына қарамастан барлығына бірдей медициналық көмекті теңдей қамтамасыз ету. Екінші – халықты, жұртшылықты медициналық көмекке негізсіз жұмсалатын шығындардан қорғау.

Хабар 24 телеарнасы