382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да уланған жұмысшылар әлі де жансақтау бөлімінде жатыр

  • 72
  • UPD: 23:39, 13.06.2019

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында газдан уланған 2 азамат әлі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге салсақ, осыдан бір күн бұрын коммуналдық кәсіпорынның 3 жұмысшысы кәріз құдығының ішінде 2 метр тереңдікте жұмыс істеп жатып метаннан уланған болатын. Оқиға орнында 45 жастағы слесарь көз жұмып, 32 және 38 жастағы екі азамат ауруханаға жеткізілген. Оларды құдықтан алып шыққан құтқарушылардың айтуынша, жұмысшылар арнайы сақтандыру құралынсыз жұмыс істеген. Ауруханада зардап шегушілерге ми және өкпе ісігі диагноздары қойылды. Дәрігерлер: «бірінің жағдайы жақсарып келеді, алайда екінші жұмысшы әлі есін жия алмай жатыр», – дейді. Қазір оларды емдеу үшін өскемендік мамандардан кеңес алынуда.

Нағым Тиметова, Зайсан аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Бірінші науқастың жағдайы бүгінгі күні әлі ауыр халде, есін жиған жоқ. Барлық алғашқы көмектер көрсетіліп жатыр, қазір жансақтау бөлімінде, емін алуда, облыстық токсикология бөлімімен хабарласып, еміне қосымша сараптама жасалды.

Хабар 24 телеарнасы