384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 150 жас кәсіпкер өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алған

  • 231
  • UPD: 23:37, 16.06.2019
ШҚО-да 150 жас кәсіпкер өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алған

«Президенттік кадрлық резерв» қалыптасатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның құрамына тек жас мамандар қабылданады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бастама мемлекеттік қызметтегі жастарға ерекше жігер беріп отыр. Кәсіпкерлік салада да жастарға қолдау артады. Бұл үшін «Жас кәсіпкер» деп аталатын бағдарлама жүзеге асады. Мәселен, Шығыс Қазақстандағы жастардың арасында кәсіп ашуға ынталылары көп. Өлкеде қазір Zhas project атты жоба қолға алынған. Соның аясында былтырдың өзінде 150 жас кәсіпкер өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. «Енді бүкіл елді қамтитын жаңа бағдарлама бұл көрсеткіштерді еселей түседі», – дейді мамандар.

Еркебұлан Балтабеков, жас маман: 

- «Жас кәсіпкер» бағдарламасы өз ісін бастаймын деген  жастарға ерекше қолдау беріп, ынталандыру шараларына көптеп қатысуға мүмкіндік береді деген сенімдемін және осы оқу жылынан бастап жоғары және ота арналуы білім орындарында кәсіпкерлік негіздері пән ретінде енгізіліп, оқытылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы