386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында 118 медициналық ұйым бірыңғай кеңістікке топтастырылды

  • 318
  • UPD: 13:43, 18.06.2019
Қарағанды облысында 118 медициналық ұйым бірыңғай кеңістікке топтастырылды

Күзде Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық көмек беру пилоттық режимде жүзеге асырылады.

Өңір жаңа жүйені енгізуге дайын. Бұл туралы Үкімет отырысында Ерлан Қошанов мәлімдеді. Қазір облыстағы 118 медициналық ұйым бірыңғай кеңістікке топтастырылды. Биыл 5 емхана мен 3 кеңес беру орталығы ашылмақ. Бастысы, кадр жеткілікті. Тағы 1000-ға жуық жас маман шақыртылмақ. Оларға баспана мен басқа да әлеуметтік пакет әзірленуде. Негізгі мақсат – медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру. Қазір барлық өңірлерде осы бағытта кешенді жұмыстар жүріп жатыр. 2025 жылға сапалы медицинамен қамтудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленбек. Ал Үкімет отырысында тегін медициналық кепілдеме тізбесіне өзгерістер енгізу және жалпы тізбені бекіту шешімі қабылданды.

Елжан Біртанов, ҚР денсаулық сақтау министрі:

- Министрліктің бағалауы бойынша, 2017 жылы тегін медициналық көмектің қаржылық тапшылығы – 313 млрд теңге. Екі есе жоғары.

Хабар 24 телеарнасы