384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда жүзден астам сарбаз оқ атуды үйренді

  • 189
  • UPD: 22:48, 19.06.2019
Ақтауда жүзден астам сарбаз оқ атуды үйренді

Ақтаудағы әскери полигонда жүздеген сарбаз алғаш рет қолына қару алып, оқ атуды үйренді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналғандардың барлығы Ұлттық ұланға қарасты №6656 әскери бөліміне осыдан бір ай бұрын ғана қабылданған жас сарбаздар. Олар Түркістан, Алматы мен Жамбыл облыстарынан шақыртылыпты. Сарбаздарға ел әскерінің қуатты күші таныстырылды. Броньды көліктердің мүмкіндігін сынап, Макаров тапаншасымен Калашников автоматы және снайперлік мылтықтардың дәлдігін бағамдап, оқ атуға машықтанды. Ұлттық ұланның байланыс құралдарымен танысты. Мұндай жеке құрамның жаппай оқ ату шарасы жылына екі рет өтіп тұрады. 

Бексұлтан Жаңылхан, Ұлттық ұлан сарбазы:

- Әскер қатарына шақырылғалы бері атыс полигонына бүгін ғана келдік. Біздің командирлер бізге әр түрлі атыс құралдарын таныстырып, үйретуде. Бір айдан кейін біз әскери ант қабылдаймыз. Әскери ант қабылдағаннан кейін өздігімізден қызмет атқарамыз.

Хабар 24 телеарнасы