389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Киелі Қазақстан»: мамандар қазақ жылқыларымен экспедицияға шығады

  • 423
  • UPD: 14:02, 21.06.2019
«Киелі Қазақстан»: мамандар қазақ жылқыларымен экспедицияға шығады

Қазақ жылқыларын дәріптеу дәстүрге айналмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ертең елімізде «Киелі Қазақстан» көпкүндік экспедициясы басталады. Ұлы даланың атбегілік өнері Қазақстан туризмін дамытуға серпін бермек. Ұйымдастырушылар осы арқылы атты туризмді дамытпақшы. Салт аттылар он күн ішінде Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Бұйратау, Баянауыл ұлттық парктерін жүріп өтеді. Әрі тәулігіне 50-60 шақырымды еңсермек. «Жол жөнекей жақын маңдағы ауылдарда лагерь құрамыз», – дейді мамандар. 

Нұржан Алғашов, Qazaqgeography РҚБ ғылыми және экспедиция қызметі бойынша департамент директоры:

- Осы 10 күн ішінде Баянауыл ұлттық паркіне жету керекпіз атпен. Оншақты адам болады. Неге осы экспедицияда тек қазақтың аты болады дегенге келсек, күн сайын 50-60 шақырымға қазақ жылқыларынан басқа жылқылар шыдамайды.

Хабар 24 телеарнасы