384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының мемлекет құрудағы еңбегі зор

  • 186
  • UPD: 17:46, 21.06.2019

Кеңес одағы ыдыраған тұста мемлекет құру Нұрсұлтан Назарбаевтың ғана қолынан келді, дейді генерал майор Павел Новиков.

Елбасымен 40 жылдан бері таныс ол қоғамның әр саласын дамыту үшін қабылданған шешімдерге куә болдым дейді. Нәтижесінде ішкі-сыртқы саясаттан бастап, мәдениет пен спорт өркендеді. Тұңғыш Президенттің батылдығы, табандылығы мен еңбекқорлығы арқасында Қазақстан аяққа тұрып, әлемге танылды, дейді Павел Новиков.

Павел Новиков, генерал-майор:

– Бұл – үлкен еңбек, зор күш-қуатты талап етеді. Егер ол кісінің жауапкершілігі болмаса, қалай болар еді?. Біздің мемлекетіміз тек қана танымал емес, Біріккен ұлттар ұйымы деңгейіндегі елдердің қоғамдық саяси шараларына қатысып, беделді ұйымдарға төрағалық етті. Шанхай ынтымақтастық ұйымын алыңыз. Қазақстан әлемде белсенді ұстанымға ие. Мұның бәріне біз білікті басшының арқасында қол жеткіздік.

Хабар 24 телеарнасы