389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев – елі мен жерін сүйетін азамат

  • 375
  • UPD: 18:34, 21.06.2019

Қоғамның тұрақты дамуындағы, еліміздің экономикалық және әлеуметтік саяси жаңғыруындағы Елбасының рөлі басым.

Бұл – Алматыда өткен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басшылығындағы 30 жылдық еңбегіне арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысушылардың ортақ пікірі. Жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бастамалары әлемдік қауымдастықтың қолдауына ие болып, өз нәтижесін берді, - дейді жиынға қатысушы сарапшылар.

Пан Давей, ғалым, Орталық Азия мен Ресейді зерттеу орталығының басшысы (Қытай):

– Ол ел билігіне келген сәттен бастап мемлекет шекарасын шегендеп алудан бастады. Шекарасыз мемлекет жоқ деген ұстанымда болды. Сондықтан ол өз ұлтының нағыз патриоты, елі мен жерін сүйетін азамат.

Смағұл Елубай, жазушы:

– Бір ауыз сөзбен айтқанда Нұрсұлтан Әбішұлы соңғы 30 жылдық мемлекеттік қызметімен әлемдік деңгейдегі көшбасшы, тарихи тұлға екенін дәлелдеді.

Оралбай Әбдікәрімов, мемлекет қайраткері:

- Нұрсұлтан Назарбаев – жинаған тәжірибесін, білімін, талантын осы мемлекетті құруға арнады. Біз соның куәсі болып отырмыз. 30 жылдың ішінде бүгінгі Қазақстан әлі де дамитындығына көзіміз жетеді.

Хабар 24 телеарнасы