389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н. Нығматулин: Елбасы жаңа біртұтас ұлт қалыптастырды

  • 363
  • UPD: 17:43, 21.06.2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – жаңа мемлекетті ғана емес, біртұтас ұлтты қалыптастыра білген кемеңгер басшы.

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай деді. Елбасының сарабдал саясаты арқасында Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсті.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, Тәуелсіздікке қол жеткізді. Осы тарихи сәтте Елбасымыз оң шешімдер қабылдап, халықтың өмірін өзгертуде маңызды қадамдар жасады. Нұрсұлтан Әбішұлы – жаңа мемлекетті ғана емес, сонымен бірге қазақстандықтарды жаңа біртұтас ұлт етіп қалыптастырды. Сондықтан бүгінгі гүлденген Қазақстан – Елбасы еңбегінің нәтижесі. Елбасы еңбегінің жеңісі мен жемісі.

Хабар 24 телеарнасы