383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралға қарасты Зашаған елді мекенін жылан қаптап кетті

  • 134
  • UPD: 08:46, 25.06.2019

Орал қаласына қарасты Зашаған кентінде жылан көбейіп кетті.

Әсіресе кешке қарай шеткі үйлердің ауласында бауырмен жорғалаушылардан аяқ алып жүру қиын екен. Мазасы кеткен тұрғындар пәтер иелерінің кооперативіне, өзге де тиісті мекемелерге хабарласқанымен, әзірге жыландарды аулаумен шындап шұғылданып жатқан ешкім жоқ. Экологтар болса, табиғаттың мұндай тосын құбылысының сырын биыл өзен-көлдерге су түспеуімен байланыстырады. Жайық өзені тасымай, қар суы түспеген соң кенттің оңтүстігіндегі Анискин көлі де тартылып кеткен. Азығы азайып, саялайтын жері қалмаған жорғалаушылар амалсыздан шаһарды «шабуылдауға» мәжбүр дейді мамандар.

Сәндігүл Сәбитова, зашаған кентінің тұрғыны:

- Біздер баламыз үшін қорқамыз. Өйткені айнала толған жылан, үйдің айналасы. Біздер мына №11 үйдің ауласында тұрамыз. 11 үйде өте көп. Үйдің жанына үнемі шығады жылан. Бірақ мына мысық пен ит көп болғасын, солар бәрін жеп жатыр. Күн сайын көреміз. Бұрын болған жоқ ешқандай, қазір тіпті көбейіп кетті.

Владимир Горшков, экологиялық бірлестік сарапшысы:

- Бұл кәдімгі сарыбас жыландар. Ол шақпайды, шақса да уы жоқ. Адамға қауіп төндірмейді. Негізінен балықтың шабақтарын, бақа-тышқандарды жеп күн көреді. Биыл су тартылып қалғасын, күн ысып кеткесін олар ылғал іздеп қалаға келіп жатыр. Бізде үйлердің подвалдарының көбі тазаланбайды ғой. Міне, соған түсіп саялап жатыр жыландар. Мұның  бәрі су аздығынан болған уақытша құбылыс деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы