384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тікелей қосылым. Арыстағы жағдай ТЖД бақылауында

  • 539
  • UPD: 10:11, 25.06.2019

Түркістан облысының Арыс қаласындағы төтенше жағдайға бір тәуліктей уақыт болды.

Оқиға орнынан кешелі бері 2200-ден аса адам көшірілді. Әскерилер түні бойы кезекшілікпен, апат аймағын күзетіп тұрды. Қазір осы өңірдегі тілшіміз Жандос Жұмабек бізбен тікелей байланысқа шықты. Арыста қазір жағдай қандай? Бүгінгі жұмыс жоспарЫ қалай өрбімек?

Жандос Жұмабек, тілші:

- Дәл қазір біз тұрған Ордабасы ауданы Ақжол ауылындағы Жамбыл мектебінде орналасқан облыстық штаб оқиға орнынан тура 10 шақырым жерде орналасқан. Түні бойы апат аймағын әскерилер, төтенше жағдайлар департментінің қызметкерлері және тәртіп сақшылары күзетіп шықты. Арыс қаласына жақын орналасқан елді мекендер мен аудан орталықтарында 15 эвакуациялық бөлімшелер ашылды. Оларда тіркелген адамдар саны 2200-ден асып жығылады. Зардап шеккендер ас-ауқатпен және уақытша баспанамен қамтылды. Түркістан облысы және Арыс қаласы әкімінің басшылығы тағы да екі штаб ашылды. Штаб құрамына облыс және қала әкімдігі мен барлық басқарма-департаменттердің басшылары тартылды. Сондай-ақ Ордабасы және Отырар аудандарында 2 госпиталь да жұмыс істеуде. Соңғы мәліметке сәйкес, Арыс қаласында зардап шеккендер саны 52-ге жетті. Оның 34-і ауруханаға жеткізілді. Үш адам ауыр жарақат алса, бір адам қайтыс болды. Қазіргі таңда арыстықтарға көмек көрсету мақсатында облыс әкімдігі жанындағы «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорының есеп-шоты ашылды. 

Мемлекет басшысы Арыс қаласына келіп, жаралыстан қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарды аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа эвакуациялық жұмыстардың барысы баяндалып, жарылыс және өрт салдары жайлы есеп берілді.  Президент Ішкі істер және Қорғаныс министрлігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, кәсіби шеберліктерін көрсеткені үшін алғыс білдірді. Бұдан кейін төтенше жағдай болған аумақтағы эвакуациялық жұмыстарды бағамдап, қауіпсіз жерлерге жеткізілген азаматтардың жағдайымен танысты. Оларды ыстық тамақ және медициналық көмекпен қамтуды тапсырды. Сонымен қатар азаматтардың қауіпзсіздігі мен олардың дүние мүлкінің сақталуын жіті назарда ұстауды жүктеді. Әсіресе балалар қатаң бақылауда болуы керек. Ал Үкімет қала мен оның халқына жан-жақты қолдау көрсету тиіс. Бұдан бөлек Қасым-жомарт Тоқаев сын сәтте тату  көңіл танытқан барлық белсенді азаматтарға алғыс білдіріп, жарылыстың себебі анықталады деді. Кінәлілер болса жауапқа тартылады. Ал Арыс қаласы барлық жарлығыш заттардан тазартылуы керек. Соңында Президент өрт ошағын және жарылыстың салдарын жоюға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. Қазір мұнда барлық тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы