383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Арыс. Біз біргеміз» акциясы аясында ақтөбеліктер көмек қолын созуда

  • 242
  • UPD: 13:50, 25.06.2019
«Арыс. Біз біргеміз» акциясы аясында ақтөбеліктер көмек қолын созуда

«Арыс. Біз біргеміз» акциясы аясында ақтөбеліктер де көмек қолын созуда.

Қаладағы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында гуманитарлық көмек жинау орталығы ашылып, тұрғындар азық-түлік пен киім-кишек әкеп беріп жатыр. Бұл игі шараға кәсіпкерлік және құрылыс басқармалары да атсалысуда. 

Асылжан Бүркіталин, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы:

- Біз қиын уақытта өз бірлігімізді көрсетуіміз керекпіз. Сол себепті Ақтөбе қаласында, Нұр Отан партиясының ғимаратында гуманитарлық көмек жинау пунктісі ашылған болатын. Пункт кешеден бастап жұмыс жасап жатыр. Барлық әлеуметтік желілерде біз хабарлама берген болатынбыз. Қала тұрғындары хабарласып, алғашқы көмекті әкелгендер де болды. Сонымен қатар Нұр Отан партиясының Жас Отан жастар қанатының қызметкерлері өзінің бір күндік жалақыларын аударатын болады арнайы есеп шотқа. Бұл бағытта енді күндіз-түні жұмыс жасайтын боламыз аянбай.

Хабар 24 телеарнасы