384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі шұғыл желіге 50 мыңға жуық қоңырау түскен

  • 151
Шымкенттегі шұғыл желіге 50 мыңға жуық қоңырау түскен ernur.kz

Шымкент қалалық Төтенше жағдай департаментінде шұғыл желі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«8 (7252) 44-94-72 шұғыл желісі және эвакуациялық пунктер жетекшілерінің телефондары арқылы да осы пунктердегі азаматтар туралы барлық мәліметті білуге болады. 25 маусым күнгі сағат 12:40-тағы мәлімет бойынша шұғыл желіге барлығы 47 365 қоңырау түскен», – делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетсек, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында «Арыс-Шымкент» арнайы бөлімі ашылып, сағат сайын қауіпсіз жерге көшірілген адамдар туралы мәліметтермен толықтырылуда. Бұған қоса онда эвакуация пунктерінің мекенжайы, ондағы өкілдердің байланыс телефондары мен жоғалған Арыс тұрғындары туралы мәлімет жарияланған.

Хабар 24 телеарнасы