383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің өнер қауымы Арысқа көмек керуенін жіберді

  • 180
  • UPD: 23:33, 27.06.2019

Елордадан Түркістан облысына тағы бір көмек керуені жол тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азық-түлік пен тұрмысқа керекті заттар тиелген көлік Ұлттық кітапхана аумағынан жіберілді. Бұл гуманитарлық көмекті еліміздің Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мекеме қызметкерлері жинаған. «Арыс, біз біргеміз!» жалпыұлттық акциясы аясында эстрада жұлдыздары да арыстықтарға ақшалай көмек жіберген. Сондай-ақ халықты рухани қолдау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі түрлі шаралар ұйымдастыруда. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, зиялы қауым өкілдерімен кездесуделер өткізілуде. 

Айдар Қырықбайұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы:

– Министрдің тапсырмасы бойынша, үш штаб құрылды. Оның екеуі Алматы қаласында. Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консеваториясынан құрылды. Екі қаладағы үш штабтан 15 тонна күріш, 10 тонна ұн, сонымен қатар нағыз керекті: дәрі-дәрмек, матрас, жастық, көрпе, киім-кешек жинастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы