384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалықтар Арысқа арнап 120 тоннаға жуық көмек жөнелтті

  • 192
  • UPD: 14:07, 28.06.2019

Бүгін елордадан Арысқа тағы бірнеше камаз гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Жалпы төтенше жағдай орын алғаннан бері Нұр-Сұлтан тұрғындары мен компаниялары белсенділік танытып, 120 тоннаға жуық азық-түлік, киім-кешек және басқа да керекті нәрселерді жинаған. Тіпті құрылыс материалдарын әкеліп беріп жатқандар да бар. Енді олар 10 жүк көлігіне тиеліп, оңтүстікке аттанады. Бұған қоса, елорда әкімдігі зардап шеккен тұрғын үйлерді қалыпқа келтіруге де қызу дайындалып жатыр. Қазір қалада 19 құрылыс бригадасы жасақталып, жақын күндері Арысқа қарай жол тартады. Оған дейін төтенше жағдай орын алған қаладағы арнайы топ залалдың көлемі мен қажетті көмектің мөлшерін есептеп шығуы тиіс.

Ерлан Қаналимов, қала әкімінің орынбасары:

- Арыс қаласы 19 секторға бөлінген болатын. 9-сектор Нұр-Сұлтан қаласына бекітілді. Ол жерде 500-ден аса тұрғын үй бар. Бүгіннен бастап қала тұрғындары үйлеріне орала бастады.  Енді әр үйді тез уақытта келтірілген нұқсан бойынша акт толтырылады. Сол акт бойынша құрылыс жұмысары атқарылады.

Хабар 24 телеарнасы