389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлеуметтік реформаның маңызы қашан да зор – К.Гроссе

  • 379
  • UPD: 07:28, 30.06.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көп балалы отбасы, жетім балалар және өзге де қазақстандықтардың несиелерін кешіру туралы шешімі Германияда қызу талқылануда.

«Либералдық орта  бизнес» бірлестігінің жетекшісі Кристиан Гроссенің айтуынша, Тоқаев бұл жарлығымен жарты миллионға жуық адамның қаржылық жағдайын жеңілдетіп, әлеуметтік мәселені шешті. Осындай игі шараның нәтижесінде қазақстандықтардың әл-ауқаты арта түседі. Әлеуметтік реформаларды әрдайым басты назарда ұстатайтын Германия мұндай бастамаларды әрқашанда қолдайтынын айтады.

Кристиан Гроссе, «Либералдық орта бизнес» бірлестігінің жетекшісі:

- Әлеуметтік реформалар қашан да маңызды. Бізде Германияда мұқтаж адамдарды баспанамен, жұмыспен қамтамасыз етеді, жәрдемақы береді. Бірақ несиені кешіргенді естімеппін. Сондықтан президент Тоқаевтың бастамасын өте дұрыс деп санаймын. Төлем қабылеті төмендегендерге бұл жақсы қолдау.

Хабар 24 телеарнасы