389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында көп балалы отбасылар Президент шешімін қуанышпен қарсы алды

  • 298
  • UPD: 21:55, 02.07.2019

Алматы облысының Ескелді ауданында мыңнан аса көп балалы отбасы тұрады.

Ел демографиясының дамуына үлес қосып отырған алтын құрсақты аналар Президенттің несиені кешіру туралы бастамасын қуана қабылдады. Солардың қатарында Серікжановтар әулеті де бар. Жағымды жаңалық мемлекет қолдауын сезініп, болашаққа деген сенімімізді арттырды,- дейді олар.

Гүлжазира Кеңгірбаева мен Төлеген Серікжанов он баланы тәрбиелеп отыр. Көпбалалы отбасыға 3 жыл бұрын 3 бөлмелі пәтер берілген. Ал, осы жылдың сәуір айынан бері атаулы әлеуметтік көмек алып келеді. Мемлекет қолдауын сезініп отырған олар Президенттің несиені кешіру туралы бастамасын қуана қабылдады. 

Гүлжазира Кеңгірбаева, ауыл тұрғыны:

- Президенттің жазғанын көрдік оқыдық. Сол кредитті жауып берсе, сол ақшаны бала шағамызға жұмсайтын едік. Өзінің алып отырған әлеуметтік көмегін. Киім кешек әпереміз. Сабақтары бар.

Төлеген Серікжанов электр тоғын тартумен  айналысады. Ал зайыбы бала күтімімен үйде отыр. Отағасының тапқан табысы мен жәрдемақы есебінен тұрмыс кешіп келе жатқан отбасы ай сайын 60 мың теңгеге жуық несие төлейді.  

Төлеген Серікжанов, ауыл тұрғыны:

- Құдай қаласа, несиелер кредиттер жабылса, қатты көмек болар еді. Армандар бар ғой. Құдай қаласа, әйелім күзде босанады. Ұл болса көкпар берсем деп армандаймын.

Ескелді ауданында 47 мыңдай адам тұрады. Соның мыңнан астамы мемлекет ұсынған атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжаттарын өткізген. 

Ермек Әпеков, аудан әкімінің орынбасары:

- 1070 адам атаулы әлеуметтік көмек алу үшін бізге жүгінген болатын, соның 983 атаулы әлеуметтік көмек алады да қалған 87-сі атаулы әлеуметтік көмек алмайды. Алмайтын себебі олардың жан басына шаққандағы табыс көзі үлкен болғаннан кейін оларға отказ берілді. Жалпы бүгінгі күнге дейін 670 млн теңге игерілді. Осы сала бойынша. 

Жалпы Алматы облысында 60 мыңнан аса көпбалалы отбасы бар. Солардың ішінде несие алып, уақытында қайтара алмай қаржы қыспағында қалғандар да аз емес. Жаңа бастама осындай жағдайдағы жанұялардың тұрмысын тіктеп, ел қатарлы өмір сүруіне сеп болмақ. 

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы